Қазақстан мен Сербия кәсіпкерлері ауқымды жобаларды бірге жүзеге асыратын болды. Астанада өткен жиында кәсіпкерлер байланыс орнатып, келісімдерін құжатпен бекітті. Ал қос елдің үкіметтері олардың барлық бастамаларына қолдау танытатындарын жеткізді.
Бұл Қазақстан-Сербия іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы. Бизнес өкілдері байланысы бұрыннан бар. Бүгінде Қазақстанда Серб капиталының қатысуымен 40-тан астам компания жұмыс істеп жатса Сербияда 44 қазақстандық компания тіркелген.
Серб делегациясы да серіктестікке сенімді. Ортақ жоба көбейеді дейді. Кәсіпкер Самат Исабаев 15 жылдан бері медицина құрылғыларын импорттаумен айналысады. Сербиядан серіктес іздеп келді.
Негізгі әріптестік агросекторда. Сербияда тұқым селекциясы дамыған. Қазақстанда егілетін жүгерінің басым бөлігі осы елден келеді. Енді жаңа бағыттар қарастырылып жатыр.
Көлік пен логистика саласы да назарда. Жаңа транзиттік бағыттар ашылады. Орта дәліздің мүмкіндігі кеңейеді. Жиын қорытындысы бойынша барлығы 7 құжатқа қол қойылды. Келісім де, қос елдің үкіметі тарапынан қолдау да бар. Енді білек сыбана жұмысқа кірісеміз дейді бизнес өкілдері.