#qyzylordatv

 Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанындағы«Ақмарал» би студиясы маусымдық жабылу концертін берді. Өнерпаздар халықтық, заманауи және классикалық бағытта би билеп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Ақмарал» би студиясының құрылғанына биыл сегіз жыл толып отыр. Би әлемінде талай шәкірттің жұлдызын жаққан өнер ұжымы өз өнерін қала тұрғындарына паш етті.

 АҚМАРАЛ ҚОЙШЫҒҰЛОВА – «АҚМАРАЛ» БИ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ // Жақында ғана өткен Шымкент қаласындағы халықаралық би жарысында біздің бүлдіршіндер екі бас жүлдені және екі бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, Ташкентте де біздің жастар үздік нәтиже көрсетті. Репертуарымызда әр түрлі билер бар: заманауи, халықтық және қазақ билері, сюжеттік билер бар. Республикалық және халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып жүргендіктен басқа да шет мемлекеттерден ұсыныстар түсіп жатыр. Дубайға, Прага, Чехия, Болгария мемлекетінде өтетін жарыстарға қатысуға.//

  Кеш қонақтары «Арайлы», «Orda drive» би топтары да өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 Бұл маусымдық жабылу концерті ғана емес, ізденіс пен сүйіспеншілікке толы көпжылдық жұмыстың нәтижесі болғандай. Ал жылы атмосфера, шынайы эмоциялар, қошемет-мұның бәрі кешті шынымен ұмытылмас етті.