#qyzylordatv
Тарихи жеңіс! Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды. Ұлттық құрама сапында төрт бірдей жерлесіміз, атап айтқанда, Ерік Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Ерасыл Әбдібек, Асылхан Амидолла жоғары деңгейде өнер көрсетті. Қызылордалық пара волейболшылар бүгін туған жерге оралды.
Отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионаты 6–15 маусым аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Байрақты бәсекенің шешуші кезеңінде Қазақстан құрамасы камбэк жасап, қытайлық спортшыларды 3:2 есебімен ұтты. Осылайша, бұл спорт түрінен ел тарихында алғаш рет қоржынға алтын медаль түсті. Ел намысын қорғаған спортшыларды қызылордалықтар әуежайдан зор құрметпен қарсы алды.
ЕРІК ҚАСҚАБАЕВ – ОТЫРЫП ОЙНАЙТЫН ВОЛЕЙБОЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ОЙЫНШЫСЫ //00:32+Қытай командасымен финалда кездесіп 2:0 есебімен ұтылып жатқан жерімізден, намысты қолдан бермей 3:2 қылып жеңісті жұлып алдық. Былайынша айтқан камбэк жасадық. Тарихи жеңіс, бірінші рет Азия чемпионы болып жатырмыз//
Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша жоғары шеберлік көресткен ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жеке марапаттарға ие болды. Жерлесіміз Ерік Қасқабаев «үздік доп беруші», Шыңғыс Медеуов «үздік либеро» аталымдары бойынша жеңімпаз деп танылып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
БАҚТИЯР АРТАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Айтқым келері, осымен тоқтап қалмай, дайындықты қайта бастап, келесі олимпиадада алтын тұғырдан табылу керек. Халықты сөйтіп қуанту керек. Жеңіс құтты болсын!//
Осылайша Қазақстан Құрамасы 2026 жылы Қытайда өтетін Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Ал, оған дейін қызылордалық пара волейболшылар қазан айында АҚШ-та өтетін әлем кубогына дайындалады .