#qyzylordatv
Аймағымызда вегетациялық кезеңге байланысты су тапшылығы сезілуде. Себебі, қазіргі күні облыс аумағына келіп жатқан су көлемі өткен жылға қарағанда аз. Сондықтан мамандар танаптарды кезек-кезегімен суару және қашыртқыдағы суды қайта пайдалану мәселесіне назар аударып отыр.
АЙДОС АСАНБАЕВ – «ҚАЗСУШАР» РМК ҚОФ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \каналдарды кезектестіру бойынша кесте бекітілді...\
Биыл облыс бойынша 80 мың 900 гектар жерге күріш егіліп, суға бастырылды. Негізгі дақылдың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,7 мың гектарға аз. Есесіне, мал азықтық және бақша дақылдарына басымдық берілген.
ЗЕЙНУЛЛА ҚАЗТОҒАНОВ, АРАЛ-СЫРДАРИЯ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \соңғы елу жылмен салыстырғанда ең аз көлемде су тұр қазір Шардара су қоймасында. Төменгі ағысқа Шардарадан секундына 350 текше метр су өтуде. Биылғы жылы жауын шашынның аз болуына байланысты су өте аз түсуде. Сол себепті мамыр айында болжанған суды ала алмадық. Сондықтан ең бірінші егісті су тапшылығының алдын алу мақсатында насостарды әзірлеу, магистральді каналдағы суды кезектесіп пайдалануды түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз....\