#qyzylordatv

Әке – отбасы тірегі, ұрпақтың темірқазығы. Жаңақорған ауданында «Әкелер күніне» орай ұйымдастырылған конференцияда осы ұлы ұғымның мәні мен маңызы тереңнен қозғалды. Жиын барысында ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық тәрбие, отбасындағы әке рөлі кеңінен сөз болды.

 Әке тәлімі – тұтас бір мектеп. Әке - отбасының арқауы, баланың бағыт-бағдары. Конференцияға жиналған зиялы қауым мен жас буын өкілдері дәл осы тақырыпты талқы таразысына салды.

ДОСАЙ КЕНЖЕТАЙ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ «Әкенің сұсы, әкенің орны, әкенің қаһары» деген мәселе шын мәнінде бүгінде тапталып-тапталып келіп, орны айқындалмайтын хәлге жетті. Енді не істейміз дегенде тарихымызға, ұлттық негізімізге аксиологиялық негіздер дейді ғой соған қайта оралуға тура келіп жатыр. Әкеге оралу – ол өзімізге оралу, мәдениетімізге оралау, мәдениетімізді құрған тұлғаларды тарихын парақтауға әкеле жатыр. «Әке - шежіре, әке асқартау» деп айтамыз.. Шежіре деген сөз өткені бүгіні болашағы. Үш уақыт категориясын тұтастандыратын адам деген сөз әке деген.

НАУРЫЗБАЙ ОРЫНБАСАРОВ - АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Конференция негізі жастар үшін маңызы зор. «Әке - отбасы тірегі» тақырыбындағы конференцияға келіп қатысып, спикерлердің сөз мән беріп тыңдадық. Қазіргі қоғамдағы әкеніңі рөлі қандай болу керектігі нақты осы жерде айтылды Әке – өзінің балаларына үлгі боларлықтай адам болу керек деп ойлаймын.

 Іс-шара аясында үлкен-кішіге үлгі-өнегесімен танылған «Гауһар той» иелері марапатталды. Сахна төрінде төрт отбасы құрмет-қошеметке бөленді.

 ЖҰМАКҮЛ ТӘТЕНБАЕВА – БАТЫР АНА 57 жылы қосылдық шал екеуміз. Содан 10 бала тудым, 3 ұл 7 қыз. 01-28 Жастарға өсіп-өнсін, ұрыспасын, таласпасын, бастары бірлік болсын. Балдарынының қамын жеп ажырамасын. Отан болсын, үй болсын, жай болсын деймін.

 Бұл конференция – бір күндік шара емес, тұтас бір ұрпаққа үлгі боларлық өнеге сабағы. Әкені қадірлеу арқылы ұлттық болмысты бекемдеп, отбасы институтын нығайту – басты мақсат.