#qyzylordatv
Дүниежүзілік донорлар күніне орай облыстық қан орталығында «Рақмет, донор! Өмір сыйлағаныңыз үшін!» атауымен акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 140-тан аса ерікті қан тапсырды.
Медицина саласының мамандары, жедел құтқару жасағы және қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері кезекті рет игі істің алдыңғы қатарынан табылып, ерікті түрде қан тапсырды. Солардың бірі –кәсіби құтқарушы Мейрамбек Доспенбетов.
МЕЙРАМБЕК ДОСПЕНБЕТОВ — ДОНОР
Әр адамның өмірі біз үшін маңызды. Жылда донорлар күніне орай қан тапсырамын, осы жақта тіркелгенмін. Қызметкерлер керек болған жағдайда келемін міндетті түрде. Қан тобым – 3 топ, положительный өзімде.
Жалпы жылына орта есеппен 13 мыңнан астам қызылордалық донор болуға ниет білдіреді екен. Оның тек 11 мыңы жарамды болады.
СЕРІК ИГЕМБАЕВ — ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Қан орталығына кемінде 50-70 донор ерікті түрде келіп, қан қорын толықтырып отырады. Облысымызда 17 емдеу мекемелерінде біз тұрақты түрде қан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырамыз. Эритроцидтік масса, плазма, тромбоцидтермен күнделікті сұраныстарына байланысты сапалы және уақытылы қамтамасыз етіп отырамыз. Қан дайындау процесі өте күрделі процесс. Әрбір донор келіп, ниет білдіргеннен кейін оны толықтай түрде тексеруден өткіземіз. Осы уақытта денсаулығы жарап, бүкіл анализдердің барлығы шектеуден аспаған жағдайда жіберіледі.
АСЫЛЗАТ ЖОЛДАСҚЫЗЫ — ТІЛШІ
//Дәрігерлердің сөзінше, бір донор кемінде үш адамның өміріне араша бола алады. Ал тұрақты донор жылына 12 адамның өмірін құтқарып қалады екен. Ендеше, мен де қан тапсырып, сауапты іс жасауға шешім қабылдадым. Қан тапсырмас бұрын алдымен дәрігерлердің қабылдауында болып, мамандардан кеңес алу керек екен //
АСЫЛЗАТ ЖОЛДАСҚЫЗЫ — ТІЛШІ
/ Дәрігерлердің қабылдауынан шыққан кейін, міне, менің денсаулығым қан тапсыруға жарайды екен. Ендеше барып, қан тапсырайын.
Іс-шара барысында тұрақты донорлар марапатталды. Сондай-ақ, «Happy Donor» қосымшасын ойлап тапқан мектеп оқушысы келушілерді жаңа мобильді қосымша жұмысымен таныстырды.
АСЫЛЖАН ЖОМАРТҚЫЗЫ — ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ / / Бұл қосымшаның ішінде көптеген ақпараттар көрсетілген. Қашан донор болуға болады және донор болуға болмайтын адамдардың тізімі деген секілді. Донор болған адамдарға берілетін жеңілдіктер көрсетілген, қоғамдық көліктерде тегін жүру секілді. Бұлар негізі перспективасы бар бонус түрлері болып табылады.Қосымшаның ішінде сонымен қатар донорларды бір-бірімен байланыстыратын форум бөлімі де бар.