#qyzylordatv

Қазақстан журналистер құрамасы Арменияда өткен халықаралық жарыста күміс жүлдеге ие болды. Шағын футболдан өткен дүбірлі додаға сегіз елдің командасы қатысты. Ел намысын қорғаған аяқдопшылардың арасында әріптесіміз, Қазақстан ұлттық арнасының облыстағы меншікті тілшісі Әділбек Жақанов та бар.

Арменияның Гюмри қаласында өткен футбол бәсекесі айналмалы жүйе бойынша өтті. Яғни, сегіз команданың барлығы бір-бірімен ойнап, шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық журналистер алты команданы жеңіп, тек біреуінде молдовалықтарға 3:2 есебімен есе жіберді. Ел намысын қорғаған қаламгерлер осылайша күміс жүлдеге ие болды. Қазақстандық команда құрамында белгілі журналист Нұрсұлтан Құрман, Айбек Қабылша, Әділбек Жақанов, Сергей Надточий, Дастан Заманбеков, Жандос Манашев, Нұрбол Тұрсынбаев секілді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Жалпы еліміздің ақпарат саласының қызметкерлері шағын футболдан әлемдік додаларда үздіктер қатарынан көрініп келеді.

 ӘДІЛБЕК ЖАҚАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ \осы кезге дейін түрлі халықаралық турнирлерге қатысып жүрміз. Соның ішінде қола жүлде, алтын да бар, осы жолы күміс жүлде бұйырды. Достық турнирі бұл, футбол бәсекесі ғана емес өзге де мемлекеттердегі журналистермен әріптестік байланысты нығайту, достық қарым-қатынас орнату. Молдова командасы өте тәжірибелі шағын футболда тісқаққан команда. Соларға жол бердік, Қалған командаларды айқын басымдықпен жеңдік\