#qyzylordatv
Облыста жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы өтініштер саны 42 пайызға азайған.
Айта кету керек, биыл өңірімізде алғаш рет ішкі істер органдарының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшесі құрылған болатын. Орталықтың мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, отбасы мүшелеріне психологиялық әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету. Орталық ашылғалы бері жиырмаға жуық өтініш түскен. Мамандар барлық мәселені жан-жақты қарап, құқықтық кеңес берді.