#qyzylordatv

Спорт әлемінен және бір жаңалық. Алматыда өткен жеңіл атлетикадан ел біріншілігінде жерлесіміз Рақымжан Келманов чемпион атанды.

 Сырбойылық спортшы 3000 метрді кедергімен жүгіріп өтуден жеңімпаз атанып отыр. Ол бұл қашықтықты 9 минут 31 секундта бағындырды. 34-ші Қазақстан чемпионатында топ жарған жерлесіміз Мұрат Айбазарұлы және Рашида Сарбасова бапкерлердің қол астында жаттығады. Айта кетейік, Алматыда өткен жүйріктер жарысына еліміздегі ең мықты деген 36 жеңіл атлет қатысқан болатын.