#qyzylordatv
Жанқожа батыр көшесінен теміржол арқылы өтетін жерасты өткелінің құрылысы қарқын алды. Жалпы, құны 4,7 млрд теңге тұратын ауқымды жоба келер жылы ел игіліген табысталмақ. Ал, Қараөзек ауылының тұрғындары жақын күндері жаңа көпір арқылы қалаға қатынайды. Облыс орталығында барыс-келес мәселесі қалай реттеліп жатыр? Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ: // көлік нөпірі көбейген сайын барыс-келісте біршама қиындықтардың болатыны рас. Дәл қазір «Гагарин», «Шанхай», «Коммунизм» шағын ауданының тұрғындарын дәл осы мәселе толғандырып отыр. Десе де, бұл түйткілдің түйіні тарқатылар күн алыс емес.
Жанқожа батыр көшесінен теміржол арқылы өтетін жерасты өткелін қала халқы асыған күтті. Өйткені, орталықпен байланыстыратын «тесік көпірде» таңертең мен кешкілік кептеліс. Ал, күнделікті жүздеген тұрғын дәл осы шойынжолды кесіп өтіп келді. Жерасты өткелі осы мәселенің барлығын түбегейлі шешпек. Ауқымды жоба құрылысы үш ай бұрын басталды. Қазір мердігер мекеме осы аумақтан өтетін коммуникация желілерін ауыстырып, негізгі жұмысқа кірісіп жатыр.
ТЕМІРТАС РАҚОВ - УЧАСКЕ БАСШЫСЫ /// Құрылыстың ұзақтығы 18 ай. / Көпірдің асытанан өтетін жаяу жүргіншілер жолы болады екі жағында. Содан кейін көлік жүретін жолақ болады. 20 адам істеп жатырмыз. Бір сменде. Жұмыс қыза түскенде 2-ші сменді шығарамыз.
Ал, қалаға қарасты Қараөзек ауылында 2 мыңнан аса тұрғын бар. Бүгінге дейін ауыл халқы 1960 жылдары салынған «Қожақ» көпірі арқылы қатынап келді. Десе де, нысан кейінгі жылдары сыр бере бастаған. Биыл ел тілегі ескеріліп, қазынадан қаржы бөлініп, өткел салынды. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталған.
ЕРЖАН ӘБДІРАМАН – УЧАСКЕ БАСШЫСЫ Жобаның құны 277 млн теңге. Осы кезде 4 техника жұмыс істеп жатыр. Жолға байланысты қосымша техникалар келеді. /// Осы кезде жұмыстың 80 пайызы бітіп тұр. Қазір сроктан,графиктен алда келе жатырмыз.
ҚАРАҚҰЛ ДӘРІМОЛДАЕВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ / Бұрынғы көпір жүру мүмкін емес жағдайға келді. Шұрық-тесік. Әр жері тесіліп қалған. Әржері ойылып қалған. Көлік түсіп кетіп, жазым бола ма деп зәреміз ұшатын тұғын. Қазір Құдайға шүкір, ол жағдайдан құтылдық. / Мердігер компания өте жақсы жұмыс істеп, 3 айда бітірейін деп тұр. Қуанышымыз шексіз. Рахмет айтамыз, басшыларға.
Жалпы, жол инфрақұрылымын жақсарту мемлекет алға қойған басты міндеттің бірі. Бұл бағытта қала көлемінде осындай іргелі істер атқарылып жатыр. Мұндай қарқынды құрылыс жыл бедерінде жалғаса бермек.