#qyzylordatv
Қазыналы қарттар үстел теннисі мен шахматтан сынға түсті. Спорттық шара облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен қолға алынып отыр.
Дәл қазір аймақта 85 мыңнан астам еңбек ардагері бар. Кезінде түрлі салада жемісті жұмыс атқарған жандар қоғам назарынан тыс қалмауы қажет. Осы мақсатта ардагерлер арасында спорттық сайыстар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл салауатты өмір салтын сақтауға, өзара достықты нығайтуға бағытталған бастама.
СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ //Мұндағы мақсат ардагерлерді ортаға тарту. Кейінгі жастарға үлгі-тәрбие беру. Біз енді мынадай жоспар қойып отырмыз алдымызға бұл тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда, ауылдық жерлерде де өткізуге мүмкіндік бар. Сондықтан да бұл өте бір жақсы бастама. Әрі жастарды, үлкен кісілерді спорттық шараға тарту арқылы, біз оларды ортаға бейімдей береміз.
Биыл ардагерлер тұңғыш рет үстел теннисінен топқа түсті. Олардың ең үлкені 79 жастағы жаңақорғандық Темірхан Сәрсенханов. Ұзақ жыл ұстаздық еткен ол бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Ал, үстел теннисімен 50 жылдан бері тұрақты түрде айналысып келеді. Тіпті, спорт шеберлігіне үміткер дәрежесіне дейін жеткен. Әлі күнге дейін халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп жүр. Тартысты ойында қарсыластарын қапы қалдырып, жарыс жеңімпазы атанды.
ТЕМІРХАН СӘРСЕНХАНОВ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ Тенниспен айналысыңдар. Бұл ішкі аппараттың барлығын қозғалысқа келтіріп, адамның өмір сүру қасиетін арттырады.// Жас кезеңіңізден жүгір қимылды. Спортың кез келген түрімен айналыс. Ол сенің келешектегі өмірің. Адамның денсаулығын арттыру үшін ең бірінші не керек депті. Ең бірінші қимыл. Сосын дұрыс тамақтану. И дұрыс демалу керек.
Ал, шахмат бәсекесіне 20 ардагер қатысты. Барлығы да бұған дейінгі додаларда өнер көрсеткен. Тақта үстіндегі тартысты ойын швейцариялық жүйе бойынша өтті. 7 турдан тұратын бәсекеде сырдариялық Мектепхан Елеусінов жеңімпаз атанды. Екінші орын иеленген теміржол саласының ардагері Аманжол Әлімбаев ойын өте тартысты болғанын айтады.
Осылайша, қазыналы қарттар бір сәт бас қосып, кейінгі буынды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Айта кетейік, мұндай спорт сайыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.