#qyzylordatv
Қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени және демалыс паркінде 20 аттракцион жұмыс істеп тұр. Жаңа ойын алаңдары мен түрлі субұрқақ салынғалы мұнда келушілер саны да едәуір артқан.
Жаз мезгілінде халық ең көп шоғырланатын нысанның бірі – қалалық демалыс паркі. Қайта жаңғырып, заманға сай жасанған көпшілік орында күнделікті 3 мыңдай адам серуендеп, көңіл көтереді екен. Әсіресе, балалардың сүйікті демалыс орнына айналған. Мұнда балаларға арналған қауіпсіз әткеншектер, сырғанақтар мен өрмелеу кешендері бар. Сонымен қатар, скейт-парк, жаяу жүргіншілер мен велосипед тебушілерге арналған жолдар салынды.
АЛМАТ ӨТЕГЕНОВ — ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ // Қайта жаңғыруға дейінгі уақытта жалпы 9 аттракцион болса, жобалық-сметалық құжаттарына сәйкес 20 аттракцион бүгінде халыққа қызмет көрсетуде. Баяғы паркте су бұрқақтары, жасыл желектер, ақысыз негізде ойын алаңдары болмаса қазіргі заманауи паркте осы жұмыстардың бәрі қарастырылған. Былтыр штаттық кестесіне сәйкес 22-ден 30-ға дейін болса, биыл 60-тан 65-ке дейін артты. Яғни көбейіп тұрған себебі атракционның артуы, субұрқақтарына қосымша қызметкерлер тарту, заманауи паркке дейін күзет аймақтары толықтай лицензиялары бар мекемелерге тапсырылды.
Бұл жаңадан іске қосылған «маятник» аттракционы. Мұнан бөлек, «телекомбат»,«экспресс»,«зымыран»,«айналмалы мұнара», «кеме» сынды түрлі аттракциондар бар. Аумағы 6 гектарды құрайтын демалыс паркінің бүгінде 23815 шаршы метрі көгалдандырылған.
АЛМАС НАРИМАНОВ — BI GROUP КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ
// Ең алдымен демонтаждау жұмыстары жүргізілген болатын. Кейін жер жұмыстары жүргізілген болатын. Біздің нысанда 200 кубтық резервуарлар орналасқан. Құрылыс жұмыстары басталғаннан бастап 20 түрлі техника жұмылдырылған, 120 дан астам жұмыс жасасқан болатын. 18 мың шаршы газон орнатылған, 544 ағаш және 11 500 дей кустарниктер отырғызылған. Жалпы жоба құны 6 млрд аса болатын //
Сонымен қатар, саябақ аумағында шамдар орнатылып, түнгі уақытта жарықтандыру жүйесі толық жаңартылған. Келушілер де дән риза.
Қызығы сол, қалалық парктің тарихы тереңде. Сондықтан оның қайта түлеуі ел астанасы болғанына 100 жыл толған Қызылордаға керемет тарту болып отыр.