#qyzylordatv #тазақазақстан

Жыл басынан бері облыс орталығында қоғамдық жерді ластаған 1337 тұрғын анықталып, әкімшілік хаттама толтырылған.

 Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру бағытында аймақта кешенді шаралар атқарылып жатыр. Десе де, көпшілік жүретін жерді ластайтын тұрғындар әлі де бар. Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы көшеге темекі тұқылы мен қоқыс тастағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару айыппұл салуға әкеп соғады.