#qyzylordatv
Енді қыз алып қашқандар, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 5-тен 10 жылға дейін қамалады немесе 20 млн теңге айыппұл төлейді. Президент тиісті заңға қол қойды.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары қылмыстық кодекске өзгеріс енгізіп, қыз алып қашқандарды соттауды ұсынған еді. Өйткені, бүгінге дейін қызды мәжбүрлеп ұстап, үйленгісі келетіндер қызды жіберсе жауапкершіліктен болсатылатын. Яғни, жаза болмаған. Мәселен, соңғы үш жылда 200-ден астам қыз алып қашу мен мәжбүрлеп некелесу дерегі тіркелген. Бірақ, соның ішінен 10 іс қана сотқа дейін жеткен. Енді ұрланған қыз кешірім берсе де жаза қатаң болмақ.