#qyzylordatv
Кір сабын ішінен ұялы телефон шықты. Облыс орталығында жазасын өтеушіге жасырын сәлем-сауқат өткізбек болған күдікті анықталды. Оқиға қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 түзеу мекемесінде орын алған.
Мамандар қысқа мерзімді кездесуге келген танысының алып келген сәлем-сауқатын тексеру барысында қырағылық танытты. Яғни, тексеру нәтижесінде кір сабынның ішіне жасырылған ұялы телефон табылған. Сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған затты мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талабына сәйкес жауапкершілік көзделіп отыр.