#qyzylordatv

Елімізде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Ғылым және жоғары білім министрлігі алғашқы күннің қорытындысын жариялады.

 Бірінші күні 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдірген. Ең көп өтініш "Педагогикалық ғылымдар" және "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" бағыттарына берілген. Айта кетейік, білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады