#qyzylordatv
Елімізде 1,5 млн-нан астам адам белсенді түрде киберспортпен айналысады. Сол себепті де, 2026 жылы Қазақстанда «Болашақ ойындары» халықаралық турнирін өткізу жөніндегі мәселелер талқылауға негіз бар. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Phygital International компаниясының негізін қалаушы, доктор Рене Фазелмен кездесу барысында айтылды.
Онда фиджитал-спортты физикалық белсенділік пен цифрлық технологияларды біріктіретін перспективалық бағыт ретінде дамытуға назар аударылды. Жоғары технологиялық халықаралық іс-шараны Астанада ұйымдастыру жастар арасында жаңа спорттық форматтардың танымалдылығын арттыруға ықпал етпек. Кездесуге қатысушылар фиджитал-спортты дамыту бойынша ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін жеткізді.