#qyzylordatv#тазақазақстан

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында басталған «Таза Қазақстан» акциясы өңіріміздің барлық елді мекендерінде белсенді жалғасуда. Ал бүгін Сырдария ауданының тұрғындары жалпыхалықтық акцияға үн қосты. Жалпы жыл басынан бері осы ауданда төрт мың тоннаға жуық қоқыс шығарылып, ұзындығы 70 шақырым болатын каналдар мен арықтар тазартылған.

 Бүгін Тереңөзек тұрғындары орталық алаңға жиналды. Осы маңдағы ескерткіштерді жуып-сүртіп, тағзым алаңында жайқалып өсіп тұрған гүлдерді суарып, гүлзарларды арам шөптен тазартты. Шабылған жабайы шөптер мен жиналған қоқыс қалдықтары арнайы техниканың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.

 РОЛЛАН ЕСПЕНБЕТОВ — СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // табиғатқа қамқорлық көрсетуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және таза ортада өмір сүруге арналған принциптерді бала тәрбиесінен бастап үйрету мақсатында «Экологиялық мәдениет бала тәрбиесінен басталады» атты экологиялық акциясы өтті. Бүгінгі күнде ауданда біршама жұмыстар атқарылды. 17400 түп ағаш отырғызылды, 27 мың 800 түп гүл отырғызылды.

Бүгінгі тазалық жұмыстарына 150 дей тұрғын атсалысты. Әкімдік қызметкерлерінен бөлек, еріктілер, коммуналдық сала, орман шаруашылығы саласының қызметкерлері және жасыл ел еңбек жасағы қатысты. Еріктілер қатарынан табылып, іс-шарада белсенділік танытқан жастың бірі— Нұрай Жақсылық. Екі жылдан бері қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен көзге түсіп жүр.

НҰРАЙ ЖАҚСЫЛЫҚ — «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ // Таза Қазақстан акциясы бұл жай ғана ұран емес еліміздің экологиялық мәселесін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама болып табылады. Таза қоршаған орта бұл халық денсаулығының кепілі,сол үшін әрбір азамат өз елін қоқыс желісінен тазартып,көгалдандыруға міндетті деп ойлаймын. Менің ерікті болып жүргеніме осы жылы екі жыл болады. Әрқашан сенбілік жұмыстарына қатысып,қоғамдағы жұмыстарға белсене қатысып жүремін. Бүгін осы орталық алаңды көгалдандыру жұмыстарын атқарып жатырмыз //

Өскен ұя, тұрғылықты мекенді мұнтаздай таза ұстау – рухани жаңғыруға бастар жол. Сондықтан туған жердің тазалығы үшін әр тұрғын жауапты.