#qyzylordatv

Облыс орталығында бірнеше зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды.

Оқиға Қызылорда қаласындағы сауда орталықтарының бірінде орын алған. Күдікті зергерлік бұйымдар сататын дүкенге кіріп, сатушыдан сақиналарды көрсетуді сұраған. Бұйымдарды мұқият қарап шыққан соң, сатушыны алаңдатып, алтын сақиналарды жымқырып, оқиға орнынан із суытқан. Келтірілген шығын 200 мың теңгеден асты. Күдікті қолды қылған зергерлік заттарды өткізіп, қаражатты жеке қажетіне жұмсаған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде бұрын сотты болған Атырау қаласының тұрғыны ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әзірге оның осыған ұқсас тағы екі ұрлыққа қатысы бары анықталды.