#qyzylordatv
Жыл басынан бері облыста адам саудасына байланысты алты қылмыстық іс тіркелген. Олардың қатарында – жеңгетайлық, жезөкшелікке тарту, бас бостандығынан заңсыз айыру жағдайлары бар.
Бұған қоса, қоғамдық орындарда тиісу, көрінеу жезөкшелікпен айналысу деректері бойынша – 44 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Құқық қорғау органдары аудандар мен шалғай ауылдарды аралап, әлеуметтік желі арқылы алдау жолымен жасалатын қылмыстардың алдын алуға күш салып келеді. «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық рейдтері, сауна, қонақүй, құрылыс нысандарын апталық тексерулер – тұрақты жүргізілуде.
ӘДІЛХАН ШОПАНОВ – ОПД ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
ҚР ІІМ арнайы есебіне 22 тұлға «жезөкше», 2 «жеңгетай» ретінде қойылған. Шаруа қожалықтарында заңсыз адамның құқықтарымен бостандықтарын тапталуы немесе олардың құқықтары шектелу деректері орын алмаған. Жыл басынан облыс аумағында адам саудасымен байланысты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және ашу бағытында ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес 2 рет «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді және өз күшімізбен апта сайын қала аумағында орналасқан құрылыс нысандары, қонақ үйлер мен сауналарды тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда адам саудасының құрбандарына арналған әлеуметтік қолдау жұмыстары да белсенді жүруде. Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда.
АЗАМАТ МЫҢБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Адам саудасының құрбандары деп танылған адамдарға бюджеттен 17 орынға 2024 жылға – 21,0 млн. теңге, 2025 жылға – 41,2 млн. теңге қаралған (6 айда игерілгені 16,0 млн теңге); 2026 жылға – 41,8 млн. теңге қаржы қаралған).Қоғамдық қормен 2024 жылы – 12 адамға (о.і. 3 бала), (о.і. 11 шетел азаматы, Өзбекстаннан – 7 адам, Тәжікстаннан - 4 адам), ағымдағы жылдың есепті кезеңіне – 22 адамға (о.і. 9 бала), (о.і. 12 шетел азаматы, Өзбекстан – 7 адам, Тәжікстан – 5 адам) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген.Бүгінгі күнге Қоғамдық бірлестікте 8 адам (о.і. 3 бала), (о.і. 3 шетел азаматы, Өзбекстаннан – 3 адам) қызмет алуда.