#qyzylordatv
Роман Скляр Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай компаниясы салатынын айтты. Оны екінші станцияның құрылысын жүргізетін CNNC корпорациясы салуы мүмкін.
Құны әзірге белгісіз. Нақты сомасы жобалық-сметалық құжаттама әзірленген соң анықталады. Қазір Атом энергиясы агенттігі мен «Электрлік атом станциялары» мамандары құрылысқа қолайлы орындарды зерттеп жатыр. Биыл нақты орны жарияланады деді вице-премьер