#qyzylordatv

Еліміз бойынша сұйытылған мұнай газының бағасы көтерілді. Біздің аймақта да едәуір өзгеріс бар. Энергетика министрлігінің 30 шілдедегі бұйрығына сәйкес, аймақтағы газ литрі 102 теңге, ал шалғай елді мекендерде 107 теңге болып бекітілді. Б өңір республика бойынша ең төмен баға сақталған алғашқы бестікке енген.

 Бағаның өсуінің басты себебі республика бойынша газ тұтыну көлемінің артуы. Мәселен, облыста газбен жүретін көліктер саны соңғы үш жылда 7 мыңнан 35 мыңға жетіп, 5 есеге өскен. Газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 70-80 мың теңге болса, зауыттарға белгіленген шекті көтерме баға - 59 722 теңге. Бұл зауыттардың жөндеу және жаңғырту жұмыстарына қаржы тапшылығын туғызған.

Әкімдік шілде айында операторлармен бірқатар келісімдерге қол жеткізген. Нәтижесінде, қалада газ литрі 97 теңгеден сатылатын болады. Қазір өңірде 586 тонна газ қоры бар.

АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

//Тамыз айына облысқа 7562 тонна газ бөлінді. Анықтама: Газ өндеу зауыттарының жөндеу жұмыстарын жүргізу келесі айларда жоспарлануда

- мемлекеттік мекемелерде газды отын ретінде пайдаланатын автокөліктерге бензин жанар-жағармайын пайдалануға ұсыныс жасалды - полиция департаментімен М-32 автодәлізінде көршілес өңірлермен шекаралық облыстары бағыттарында арнайы бекеттері қойылды;- және де операторлар газ құю бекеттерінде ауыр жүк көліктерге 3 мың теңгеге дейін сатуға шектеу қоюды ұсынды;- энергетика министірлігімен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде тамыз айына қосымша 1044 тонна газ көлемі бөлінді Бұл бағытта әрі қарай жұмыс жүргізілетін болады. Одан басқа, өңірде газдың ресурстық базасын ұлғайту мақсатында, энегетика министрлігімен және «Казгермұнай» компаниясымен үш жақты меморандум жасалды.

 Меморандум аясында газ өндірісін 60 мыңнан 120 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланған. Алдағы жылы облыста 6 метан толтыру станциясы салынады. Оның екеуі жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, коммуналдық және жеке мекемелердің техникаларын метан отынына көшіру көзделуде.