#qyzylordatv #абай180
Ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Қызылордадағы №2 Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп алдында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты іс шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен жастар қатысты.
Абай – қазақ халқының рухани көшбасшысы, ұлттық сананы қалыптастырған ұлы тұлға. Оның мол мұрасы – адамзатқа ортақ қазына, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің алтын арқауы. Абай шығармалары - ел бірлігі мен руханиятының берік тірегі. Жалпы, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай облыс көлемінде, қала, аудан, ауылдық елді мекендерде байқаулар, интеллектуалды сайыстар мен түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Ұлы ақынның есімін ұлықтау - бүгінгі ұрпақтың парызы. Іс шарада Абайдың өлеңдері оқылып, «Көзімнің қарасы» әні орындалды.