#qyzylordatv
Өңірдегі ірі уран өндіруші кәсіпорын «Қызылқұм» жауапкершілігі шектелуі серіктестігінің құрылғанына биыл 20 жыл. Компания мерейтой аясында Шұғыла мөлтек ауданынан «Атомшылар» аллеясын ашып, тұрғындарға жайлы демалыс орнын тарту етті.
«Қызылқұм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кен орындарын барлау, өндіру және өңдеу жұмыстарымен айналысады. Жыл өткен сайын өндіріс орнының қуаттылығы артып келеді. Бүгінде компанияда бес жүзден астам адам еңбек етеді. Жаңадан ашылған аллея ұзақ жылдар атом саласында жұмыс істеп, аймақ экономикасының дамуына үлес қосқан қызметкерлерге деген құрметтің белгісі.
МҰХИТ ЫСҚАҚОВ, САЛА АРДАГЕРІ \20 жылдан бері еліміздің экономикасына, облыстың экономикасына және әлеуметтік салаларға көптен көп пайдасын тигізіп отыр. жұмысшылардың 90 пайызы жергілікті халық.... \