#qyzylordatv

Биыл қарымды қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жақсылық Рахматулланың туғанына 80 жыл. Осыған орай облыс орталығында «Қиясы биік қаламгер» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

 Жақсылық Шайманұлы Сыр журналистикасында өзіндік орны, айқын қолтаңбасы бар қаламгер. Ол 1996-2008 жылдары «Сыр бойы» газетінің бас редакторы қызметін атқарып, басылымның жаңа тынысын ашты. Қаламгердің көркем шығармалары мен публицистикалық еңбектері ұлттық руханиятта өз орнын тапқан.

 ЖАНАР ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ – Ж. РАХМАТУЛЛАНЫҢ ҚЫЗЫ // Бүгінгі менің әкемнің 80 жылдығына арналған конференцияға келгенімізге өте қуаныштымыз. Әкем туралы көптеген жақсы естеліктер, жақсы әңгімелер тыңдап жатырмыз. Осы жерде әкем қаншама жыл қызмет етті, өзінің туған еліне әкемнің көптеген еңбегі сіңді. Қызылорда қаласының облыстық Сыр бойы газетінде бірнеше жылдар редакторлық қызмет атқарды. Біз әкемізбен мақтанамыз, әкемізді мақтан тұтамыз.

Конференция барысында қаламгердің тұлғалық болмысы мен шығармашылық жолы кеңінен талқыланды. Әріптестері оның еңбегін жас ұрпаққа үлгі етіп жеткізді.

РЫСБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫ – ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ // Әрине, ол кісінің журналистік қызметін жазушылық шығармашылық еңбектерін айтатын болсақ ол құрмет тіптен еселене түседі. Өмірді шынайы бейнелеп жазу , сол жазған дүниелері арқылы адамадарға пайдасы тигізетіндей рухани қазына жасау ол кез келген қалам ұстаған адамның қолынан келе бермейді. Сапалы жазу , әсерлі жазу сол жазғандарының ықпалы әсері тәрбиелік мәні болуы ол сол адамның шығармашылық жұмысына байланысты. Жаңа ұрпақтың қалыптасуына, адамдардың адамгершілікті, ізгілікті болуына ерекше еңбек сіңірген қайраткер деп анығын айта аламыз.

НҰРМАХАН ЕЛТАЙ – ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ // Жақсылық ағамыз көп сөйлемейтін, өте салмақты, қарапайым бірақ барынша еңбекқор еді. Байқайтынымыз бұл кісі басты көтермей жазу жазып отырады, бір газетте 3-4 мақаласы онымен қоса облыстық газетте , республикалық газеттерде мақалалары үстін-үстін жүріп жатады. Көптеген жігіттер шәй ішіп, демалып жүреді, бұл кісі бас алмай редакциядан шықпай тұғын.02:50 Бұл кісінің бір қасиеті адамға бір жегу немесе бөтен көзқарас пен қарау жасау ойында болмайтын. Адамның қателігі болады жас кезде сол қателіктердің өзін жәй сөзбен түсіндіретін тең дәрежеде сөйлесіп , тең дәрежеде айтып айтып түсіндіретін.

 Жақсылық Рахматулланың 80 жылдығына орай жас журналистер арасында «Қызылорда - құндылықтар қаласы» атты шығармашылық байқау жарияланған болатын. Конференция барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.