#qyzylordatv #заңментәртіп

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Үш тәулікте өңірде 1465 құқық бұзушылық анықталды. Оның 254 дерегі қауіпсіздік белдігін және тасымалдау қағидаларын бұзуға қатысты болса, жаяу жүргіншіге жол бермеудің 131 фактісі тіркеліп отыр.

 Жол сақшылары «Шымкент Самара» тас жолының Баймұрат батыр ауылы тұсында рейдтік іс-шара өткізді. Дрондардың көмегімен жол ережесін сақтамаған жүргізушілерді тәртіпке шақырды. Мәселен үш күн ішінде жолдың қарсы жолағына шығудың 1, авариялық жағдай туғызудың 10, жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарудың 9 дерегі анықталған. Сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған 3 жүргізуші қайта көлік тізгіндеген. Сонымен қатар, 138 автокөлік айып тұрағына қойылып, 118 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынды. Рейд барысында полицейлер көлік жүргізушілеріне үнпарақтар таратып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.