#qyzylordatv
Бүгін қала әкімдігінде Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азамат құрмет төрінен көрінді.
Қала әкімі марапат иелерін республика күнімен құттықтап, олардың еңбегіне алғыс білдірді. Құрметке бөленгендер қатарында түрлі сала қызметкерлері бар. Туған жердің өркендеуі жолында еңбек ету – ең үлкен абырой. Республика күні қарсаңында марапатқа ие болған азаматтар жылы лебіздерін жеткізді.