#qyzylordatv
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірімізде жастарды еңбекке баулу бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы мақсатта мектеп оқушылары ірі өндіріс орындарына экскурсия жасап, жұмысшы мамандықтарының қыр-сырымен танысты.
Алдымен оқушылар «Далатекс» тігін фабрикасында болды. 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорында бүгінде 150-ге жуық адам еңбек етеді. Фабрика арнайы киім мен ерлер жейдесін тігумен айналысады. Өнімдері еліміздің барлық аймақтарына жеткізіледі.
РУСТАМ СЕЙТҚАСЫМ – «DALATEX» ЖШС ТІГІН ФАБРИКАСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ДИРЕКТОРЫ //Біздерде тұрақты клиенттеріміз деп айтсақ болады, Қазгермұнайгаз,Қазмұнайгаз, KMJ security бар, аэропорт бар одан кейін қаражанбас мұнай компаниясы бар, көптеген компаниялармен біз тікелей жұмыс істейміз. Летний спецодежда бар, зимний спецодежда тігеміз, демисезонный барлық осы компаниялардың киетін спецодеждалары бізден шығады. Бастапқы дизайннан бастап тігілу жағы, ішіндегі утепителі барлығы осы далатекстен тігін фабрикасында шығарылып жатыр. Осы екі ай бұрын біздің кішігірім рекордымыз болды бір ай ішінде біз 8 мыңнан аса рубашка тігіп шықтық. Сұраныс бойынша болады, кейбір кезде нақты сұраныстар болады бізге осы шикізаттан тігіп берсеңіздер деген сол шикізатты іздей бастаймыз Турция болуы мүмкін , Қытай, Қырғызстан әртүрлі елден кейбір кезде бізге тек қана дизайынын береді да, өздеріңіз матадан тігіп берсеңіздер болды дейді.Сол кезде біз матаны өзіміздің көзқарасымызбен іздей бастаймыз. Бізге көбінесе техникалар Турция елінен келеді. Оның барлығы басқа елден келген оны біз үйретеміз, сол машинканы қалай қолдану керек қалай онымен жұмыс істеу керек сол арқылы бізден осындай жақсы мамандар шығады.//
Оқушылар үшін бұл - өндіріс процесін өз көзімен көріп, тігін саласының қыр-сырымен танысуға мүмкіндік болды.
АРУЖАН НИЕТУЛЛА – ОҚУШЫ //Біз бұл жақта өте қызықты мәліметтермен таныстық. Бұл жақта жұмысшы мамандықтарының киімдерін тігеді, яғни басынан бастап аяғына дейін осы жақта тігеді екен. өте қызықты ақпараттармен таныстық, яғни дизайнерлер, тігіншілер үшін бұл жақ өте керемет, яғни дизайнер студенттер осы жақта практикант болып келеді екен.Сол ұнады бұл жер, өте керемет.//
Одан кейін оқушылар «Өндіріс» индустриялық аймағындағы заманауи кірпіш зауыты – «Altyn Bricks» кәсіпорнына барды. Қуаттылығы жылына 90 миллион дана өнім шығаруға жететін зауыт толықтай автоматтандырылған.
ӘЛИЯР ЖАРМАХАНОВ – «ALTYN BRICKS» КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ШЕБЕРІ
//Осы тұрған біздің пешіміз зауыттың күйдіріп пеш шығарады, формабычный цех деген бар ол біздің кесек дайындап береді, ол кесек дайын болғаннан кейін осы пешке түседі, пеш оны өзінің деңгейіне жасап шығарып береді ол фармоучный цехке сировой деген өзіміздің цех бар сол жақтан дайындалып топырағымыз, сазымыз, сосын осы жаққа түседі. Сонымен осы күйген қышымыз, қазір біздің облысқа беріліп жатыр. Енді жыл сайын, бұның суткасына қазіргі таңда 250-мыңдай шығады пештің бір күйдіргені. Біздің 70-тің үстінде қызметкер бар, бәрі өзінің маманы. Шикізаттарды осы Қызылорда облысының өңірінен аламыз. Техника өзіміздің компаниядан Алтын Брикстен. Арнайы осы біздің кірпіш заводтың мамандары Қытайға барып оқып келіп, өздерінің мамандары болып, осы жаққа бекітілген.//
Экскурсия өңір экономикасының тірегіне айналған «Абзал и К» компаниясында қорытындыланды. 1994 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан зауытта бүгінде 400-ден астам адам тұрақты еңбек етеді. Кәсіпорын күріш өнімдерін ел ішіне ғана емес, шетел нарығына да экспорттап отыр. Осындай танымдық экскурсиялар жас ұрпаққа өндірістің маңызын ұғындырып, жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыруға жол ашады.