#qyzylordatv

 Республика күні – халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн. Ұлттық мерекеге арналған салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Көп ұзамай еліміз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Қазақстан – Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет.

 Сондықтан соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аса маңызды қадамдар жасалды. 2019 жылы ауқымды реформалар қолға алынды. Қазақстан жаңа тұрпатты ел болу жолына түсті. Соңғы 6 жылда экономикамыз 16 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, көлік-транзит, білім беру, медицина және басқа да салаларда қарқынды өсім бар. Жиын барысында Президент түрлі саланың дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Қазақстанымыз Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Күшті ел болуы керек. Бұл – жалпыұлттық стратегиялық мақсатымыз, барша азаматқа ортақ міндет, қастерлі парыз. Озық ел болу үшін біз әлі талай белесті бағындыруымыз керек. Тұрақтылық пен тыныштықтың қадірін білу қажет. Әсіресе, мұны жастарымызға дұрыс түсіндіріп, оларға бағдар көрсеткен жөн. Еліміздің ертеңі – өскелең ұрпақтың қолында. Сондықтан жастарымызды ең алдымен Адал азамат етіп тәрбиелеу қажет.