#qyzylordatv #республикакүні

Республика күні қарсаңында өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге атсалысып, олардың орындалуына ықпал жасап жүрген облыстық мәслихат депутаттары марапатталды.

Алдымен жиында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов ұлттық мерекенің мән-маңызына тоқталып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын сөз етті. Соның ішінде өкілетті орган атқарушы билікпен бірлесіп, қолданыстағы заңдылықтар аясында еңбек етіп келеді. Сондай-ақ, халықтың аманатын арқалап, өңірдің өсіп-өркендеуіне қатысты тиісті шешімдер қабылдаудан бастап, түрлі салалардың дамуында депутаттардың үлесі зор. Басқосуда солардың бірқатары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және облыстың «Құрмет» грамотасымен, сонымен қатар облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының алғыс хатымен марапатталды.