#qyzylordatv

Қызылорда қаласының астана атанғанына 100 жыл толуына орай баскетболдан қала әкімінің жүлдесіне арналған республикалық турнир басталды. Дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етеді. Жарысқа еліміздің түрлі өңірінен 40 команда қатысып жатыр.

 Биылғы додаға 17 жасқа дейінгі жасөпірімдер қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Еліміздің әр түкпірінен келген ойыншылар үшін бұл нағыз тәжірибе алаңы болмақ.

 АЗАМАТ СЫЗДЫҚОВ – БАСКЕТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ //Ұйымдастарылып жатқан баскетбол 3х3 жарысы республикалық ашық турнир. Бір жағынан бұл жарысымыз республикалық жарысқа іріктеу есебі болып табылады. Жеңімпаз командалардың арасынан іріктеп республикалық қараша айының 20-сы күні Тараз қаласында республикалық баскетбол 3х3 жарысы болады, сол чемпионатқа қатысу үшін осы жарысты жеңімпаздардың арасынан іріктеп, Тараз қаласына чемпионатқа қатыстыруға апарамыз. Чемпионатта 1 орын,2 орын алған командаларға кмс атағы беріледі.//

 Жарысқа қатысушылардың мақсаты - тәжірибе жинақтап, шеберлікті арттыру. Әр команда жеңіске деген сеніммен алаңға шықты.

 ӘНУАРБЕК ИСАЕВ - ЖАТТЫҚТЫРУШЫ /КЕНТАУ/

  //Қызылорда қаласы жақсы қабылдап жатыр. Турнир өте тамаша басталды әрі қарай жеңістерге жетеміз деген ойымыз бар. Осы жарысқа келген кездегі мақсатымыз шеберлігімізді одан әрі шыңдау, үлкен жетістіктерге жету. Жарыстан өте сәтті ойындар, қызықты тартысты ойындар және тек қана жеңіс күтеміз.

 ЖАСМИН ӨМІРБАЙ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

//Біздің командада 4 адам болып ойнайды. Осы 5 жылдың ішінде чемпионаттарда орын алғанымыз бізде Тараз үшінші орын алдық. Баскетболда қыздарға қатты қиындық тудырады. Себебі, оған жылдамдық керек, команда да ойнауға бір жағынан үйретеді.//

Тілші: Айта кету керек, тартысты дода жеңімпаздарына естелік сыйлықтар мен арнайы кубок табысталатын болады.