#qyzylordatv
Балабақша бүлдіршіндерін ерте жастан еңбекке үйретуде. Осы бағытта «Сыр жұлдызы» бөбекжай-бақшасында облыстық семинар өтіп, оған аудандардан 60-қа жуық балабақша әдіскері қатысты.
Гео: ҚЫЗЫЛОРДА
Семинар «Ұлттық құндылықтар негізінде балаларды ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» тақырыбында ұйымдастырылды. Қылығы тәтті, өзі сүйкімді балақайлардың бір тобы түрлі дәмнен ас әзірлесе, енді бірі құрылысшы болып үй тұрғызды. Ал енді бірі домбыра жасап, бірі тігінмен айналысты. Мұнда балаларға кілем тоқу, қыштан құмыра жасау, қолөнермен айналысу, тіпті бау-бақшада жұмыс істеудің де қыр-сыры үйретілді.
АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ
- Балалар, өскенде кім болғыларың келеді?
- Аспазшы.
- Үйде аналарыңа көмектесесіңдер ме?
- Иә.
- Мұнда балалар 2 жастан бастап қабылданады екен. Осы жастан бастап, оларды кәсіп түріне үйретіп, еңбекке баули бастайды. Балалардың бұлай мамандық таңдап, ерте жастан еңбекке үйренгені басқа балалармен ортақ тіл табысуына және мамандық таңдауына, мақсат қоюына көмектеседі. Жалпы, мұнда балалардың бірі аспаз, бірі тігінші, бірі құрылысшы боламыз деп армандарын айтып, еңбекке ерте жастан дағдылануда
Балабақшада 8 топта 180 бала тәрбиеленуде. Балаларды еңбекке қызықтырып, кәсіпке бейімдеу жұмысы 2023 жылы басталды. Бүгінде олар киімі мен заттарын жинастырып қоюдан бастап, қолөнер жасау, спектакльде өнер көрсету, тіпті бау-бақшаға қарау сынды жұмыстарды да меңгеріп жатыр. Балаларды тәрбиелеу ісіне ата-аналар да атсалысып, үйірмеде балаларға егін егу, құрылыс жасау әдісін үйретті.
ГҮЛДЕН САПАБЕКОВА – «СЫР ЖҰЛДЫЗЫ» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
// Келгеннен кейін бір үлкен жоба алғым келді. Ойланып, еңбекке баулысақ қалай болар екен деген ойға дедік. Үлгілік бағдарламада еңбекке баулу бар. 2 жастан бастап. Сонымен ұлттық құндылықтар арқылы еңбекке баулу жобасын қолға алдық.++біздің жобамызды қолдап,облыс көлемінде патенттелінді. Авторлық құқыққа ие болдық осы жобаға. Енді биылдан бастап оқу жылында Жұмысшылар жылы болғанына байланысты ерте жастан бастап, еңбекке баулу және кәсіпке бағдарламасы бойынша 100 балабақша деген пилоттық жоба ашылды. Соны біреуі Қызылорда облысы бойынша «Сыр жұлдызы» балабақшасы екенін мақтанышпен айта аламын.
Еңбек еткеннің дені сау, көңілі шат болады. Ал балалардың ойнай жүріп, еңбек ету дағдылары қалыптасуда. Мысалы, биыл жаз бойы педагогпен бірлесіп баялды, тәтті бұрыш, қызанақ секілді көкөністерді егіп, оларға күтім жасады.
НӘЙЛА СӘДУАҚАСОВА – №21 «АЛПАМЫС» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Сыр жұлдызы бөбекжай-бақшасында ұлттық құндылықтар негізіндегі балаларды ерте жастан кәсіпке жіне еңбекке баулу тақырыбында облыстық семинары ұйымдастырылуда.Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілгендей балаларды ерте жастан кәсіпке, еңбекке баулу міндеттері қойылып тұр. Осы тұрғыда балабақша тәрбиешілері көптеген мамандық иелерінің міндеттерін, олар нені атқару керек,кішкентай балалар нені белу керек,осы тұрғыда әр бағыттарын көрсете білуде. Балабақшадағы қай жас ерекшелігі болса да, балалар еңбекке машықтанған. Бағыт-бағдар берілген.Тәрбиешілермен өте жақсы байланыс орната білді.
Еңбекке тәрбиелеу балаларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді. Осылайша, қаланың кішкентай тұрғындары еңбек еткеннің еңсесі биік болатынын ерте ұғынуда.