#qyzylordatv
Облыс орталығында «Ауыл мектебі: сапалы білім мен кәсіби ынтымақтастық алаңы» атты тірек мектептерінің форумы өтті. Жиынға «Ауылдық мектептердің әлеуетін арттыру» ұлттық жобасына қатысушы білім ордаларынан пән мұғалімдері қатысып, ауыл мектептерін дамыту мәселелерін талқылады.
Жаңақорған ауданындағы №286 орта мектеп екі жылдан бері аталмыш ұлттық жобаға қатысып келеді. Осы уақыт аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебі тарапынан әдістемелік қолдау көрсетілді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде мектеп ұжымы жүргізген зерттеу жобаларын қараша айында Жапонияда өтетін халықаралық WALS конференциясында дүниежүзілік қауымдастыққа таныстыруға мүмкіндік алды. Мұнан бөлек, пленарлық отырыста тірек мектептер мұғалімдері өздерінің тиімді оқыту тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, педагогикалық шеберлік орталығының мамандары фасилитациялық сессиялар өткізіп, заманауи оқыту әдістерін ұсынды.