#qyzylordatv

Қазалы ауданында «Кәсіпкерлік – өңір дамуының тірегі» атты кәсіпкерлер форумы өтті. Жиында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау бағытында атқарылған жұмыстар сөз болды. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына, кәсіпкерлік саласының өрістеуіне үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды.

Қазалыда соңғы жылдары бизнеске бет бұрып, кәсіппен айналысушылар қатары артып келеді. Мәселен, биылдың өзінде ауданда тамақтану және сауда орындары, мейрамхана, көлік жуу сынды 27 кәсіпкерлік нысаны бой көтеріп, 69 адам жұмыспен қамтылды.

 АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ, АУДАН ӘКІМІ \Бүгінде ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 24,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,4 пайызға, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 22,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,0 пайызға өскен. Ал шағын және орта кәсіпкерлік саласында бүгінге дейін 5371 кәсіпкер тіркеліп, нақты жұмыс жасап тұрғаны 5213 бірлік, белсенділік көрсеткіші – 97,1 пайыз болды. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 32,0 млрд.теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңіне 172,2 пайызға орындаған\

 Ауданда жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржы ұйымдары тарапынан 368 жоба қаржыландырылды. Соның ішінде өнім өндіруге айрықша көңіл бөлінуде. Мәселен, «РЗА» акционерлік қоғамының «Дәмді» сүт өнімдері мен Қазалының кәмпиті еліміздің нарығында сұранысқа ие. Мұнан бөлек, «Қазалы» сабыны мен «Кәукей» құрты да жергілікті брендке айналуда.

 РУСЛАН БӨЛЕКБАЕВ, КӘСІПКЕР \2022 ден бастап өндірістік кәсіппен айналысам. Кір сабын сүйектен қайнатылған, сұйық сабын, парашоктар бар....\

 Емдік мақсаттағы «Қазалы сақар қара сабыны» енді көршілес Өзбекстан мемлекетіне экспортталады. Форум барысында жеке кәсіпкер Руслан Бөлекбаев пен Ташкент қаласындағы «Юнусабад Медикал орталығы» жеке клиникасының өкілі екі жақты меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, «ECO ENERGY LTD» компаниясы мен аудан әкімдігі «Автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын салу» жобасын іске асыру бойынша келісімге келді.

 Жиын соңында ауданның кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар бизнес өкілдері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.