#qyzylordatv

Аймақта қазан айынан бері жіті респираторлы вирусты инфекция 11 мың 606 адамнан анықталған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға төмен. Сондықтан, мамандар эпидахуал тұрақты деп топшылап отыр.

 Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, биыл ауруға шалдыққандардың 61 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандардың айтуынша, тұмауды ауыздықтаудың ең тиімді жолы – вакцинация. Осы орайда эпидмаусымда 84 мыңға жуық тұрғынға вакцина егілген. Ахуалға қарай олардың басым бөлігі балалар. Әрине қазір ахуал біршама тұрақты. Бірақ, босаңсуға болмайды. Себебі, жіті респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың асқыну кезеңі енді басталуы мүмкін, дейді мамандар.

 ӘЛИЯ ӘБДІҚАЙЫМОВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ / Бүгінгі күні аурухана мен емханаларда бірінші қазаннан бастап маскалық режим қолға алынды. Сонымен қатар, емдеу мекемелерінде дезинфекция ережелері қатаң сақталып отыр. Жеті жағдайда тұмау тәріздес басқа вирустар анықталып отыр. Яғни, адена және рена вирустар. H3N2 деген вирус «Гонконг вирусы» деп аталады. Ол өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап тіркелген. Екі жыл көлемінде басқа елдерге жайылды. Тұмау тәріздес басқа қоздырғыштардан айырмашылығы, вируленттігі жоғары.../