#qyzylordatv

Бүгінде Қызылорда қаласы еліміздегі ең шырайлы шаһардың біріне айналды. Бұлайша гүлденуіне президент пәрменімен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының үлесі зор. Жалпы жыл басынан бері Сыр өңірінде 420 мыңнан астам ерікті елдік бастамаға үлес қосып, жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін дәлелдеді.

 Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған кезекті шара Сырдария өзенінің сол жағалауынан бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек ауданда ұйымдастырылды. Мұнда құрылыс қарқынды. Тиісінше, тұрғындардың да қатары жыл сайын көбейіп келеді. Тазалық жұмыстары аясында сквер мен парк, әлеуметтік мекемелер мен жаңадан бой көтерген стадион аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Айта кетерлігі, дәл осындай экоакция арнайы кестеге сәйкес қаланың өзге де аудандарында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жалпы бұл бастамаға өңірде 540-тан астам техника жұмылдырылған.

САПАРҒАЛИ АСЫЛБЕКОВ – «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ / «Таза Қазақстан» акциясына байланысты көптеген көшелерге санитарлық тазалық жұмыстарын, одан бөлек қоқысты шығару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 90 техника, 270 адамдай жұмыс жасап жатыр. Бүгін акцияға үлес қосу мақсатында жұмысты ұлғайтып, адамдардың бәрін шығарып отырмыз. Қызылорда қаласы ең таза қала деп айтылып жатыр. Соған байланысты біз күнделікті тазалыққа мән беріп отырамыз/