#qyzylordatv
Елімізде бұрын-соңды болмаған рекордтық көлемде астық жиналды. 27 млн тонна қамбаға құйылды. Осы қарқыннан түспеу үшін келер жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қазірден басталып кетті. Шаруаларға несие беру жұмыстары жүріп жатыр.
Елімізде рекордтық көлемде өнім жиналды. 27 млн тонна астық қамбаға құйылды. Республика бойынша астық жинау толығымен аяқталды. Биыл егіс алқаптарын әртараптандыруға ерекше назар аударылды.Яғни, бидайға ғана басымдық бермей, майлы дақылды көптеп өсіру қолға алынды.
АЙДАРБЕК САПАРОВ - ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ \1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінім қабылдау басталды. Қарашаның екінші онкүндігінен бастап шаруаларға револьверлік кредит беру ашылады. Бұл бір кепілдікпен жыл сайын несие алуға мүмкіндік береді.
Алынған астық өнімі ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етеді және экспорттық әлеуетті де сақтап қалуға мүмкіндік береді, деді ауыл шаруашылық министрі.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ \Мемлекет басшысының тапсырамсы бойынша көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Жеңілдікпен қаржыландыру лизингті қоса алғанда рекордтық 1 трлн теңгеге жетті. Диқандар тұқымдық материалмен, арзандатылған жанар-жағармаймен және қажетті көлемдегі тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.
Мұндай қолдау шаруаларға бұрын-соңды көрсетілмеген.