#qyzylordatv
Атырау қаласында өткен каратэ шито-рюден Қазақстан Республикасының чемпионатында Сыр өңірінің спортшылары жалпы командалық есепте ІІ орынды еншіледі.
Қызылорда құрамасының қоржынында 12 алтын, 7 күміс және 23 қола медаль бар. Жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы барлық сайыстарда аймақ спортшылары үздіктер қатарынан көрінді. Мұнан бөлек, Алматы облысы Талғар қаласында өткен қол күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында да жерлестеріміз жүлде тұғырынан көрінді. 60 келі салмақта Нұрсәт Смат чемпион атанса, 80 кг салмақ дәрежесінде Нұрлы Мәліков күміс жүлдеге қол жеткізді.