#qyzylordatv

Қала тұрғындарының құқығы қорғалды. Азаматтар жылжымайтын мүлкінің мекенжайын айқындау кезінде әуре сарсаңға түскен. Қызмет көрсететін жауапты бөлімдегі қызметкерлердің шалалығынан, бір мекенжайдағы нөмірге екі үй тіркеліп кеткен. Салдарынан тұрғындар әкімшілік айыппұл арқалаған. Осыған байланысты облыс бойынша мемлкеттік қызмет істері департаментінің мамандары тексеріс жүргізіп, мәселенің мән-жайын анықтады.

 Департамент мамандары тұрғындардан түскен арызды зерделеу барысында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін анықтаған. Мәселен, жылжымайтын мүліктің мекен-жайын айқындау үшін қызметкерлер объекті орналасқан аумаққа бармай, бір мекенжайдың нөмерін екі үйге беріп жібергені белгілі болған. Жалпы, тексеру барысында дәл осындай 11 қателік анықталған. Тиісінше, бұзушылыққа жол берген қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, жыл басталғалы 21 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілген.