#qyzylordatv
Қыс қыр астында. Сондықтан коммуналдық салаға бекітілген арнайы техникалар сақадай-сай тұруы тиіс. Осыған орай, қала әкімі «Қызылорда тазалығы» мекемесінің қысқы маусымға әзірлігін пысықтады.
Бүгінде «Қызылорда тазалығы» мекемесінде 150 техника бар. Оның қысқы кезеңге қатысатын 57 арнайы техникасы сақадай-сай. Одан бөлек, қар тазалау жұмыстарына екі ауысыммен 270 жұмысшы жұмылдырылады. Сонымен қатар, мекеме базасында 2 мың тонна құм мен тұз аралас қоспа жинақталған. Бұл қоспа көктайғақ кезінде қажет болады. Нұржан Ахатов қысқы маусымда жұмысты тиімді үйлестіріп, жауапкершілікпен жұмыс жасау керектігін атап өтті.
САПАРҒАЛИ АСЫЛБЕКОВ – «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
//Қазіргі таңда «Қызылорда» тазалығы мекемесі қысқы маусымға дайын. Техникалардың барлығы сақадай сай. Оның ішінде 10 техника қар тазалайтын, тракторларымыз бар. Одан бөлек, сыпыруға арналған техникаларда бар. Қысқы мерзімге 57 техника жұмылдырылған. Одан бөлек, жалпы екі мың тонна құм, 400 тонна тұз аралас арнайы қоспа дайын тұр. Жұмылдырылған адам саны 270. Қазір қала аумағы кеңейіп келеді. Соған байланысты қызметкерлер саны көбейіп келеді.//