#qyzylordatv

10 ай ішінде облыс бойынша интернет алаяқтық қылмыстарының 523 дерегі тіркелді. Алаяқтық қылмыстарының 70 пайызы смс кодтардан басталады дейді тәртіп сақшылары. Сонымен қатар, алаяқтар әлеуметтік желілерде «жұмыс бар» деген жарнамалар ұсынады. Шарты бойынша банкомат карточкаңыздың реквизитін бересіз, ал сізге әр аударымнан 5 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін ақша төлеуге уәде етеді. Шын мәнінде сіздің карточкаңыз алданған азаматтардан немесе есірткі қылмыстарынан түсетін заңсыз қаржыны жүктеп алуға қолданылады. Ал, айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылады демекші, дроппер болғаныңыз үшін сіз қылмыстық жауапкершілікке тартыласыз. Сондықтан әлгіндей жарнамаға жоламаңыз дейді спикер.