#qyzylordatv
Теміржол өткелінде камаз автокөлігі мен пойыз соқтығысып, көлік жүргізушісі мерт молды. Жазатайым жағдай Тартоғай стансасы тұсындағы теміржол өткелінде орын алған.
Облыстық полиция департаменті таратқан ақпарға сүйенсек, автокөлік жүргізушісі қозғалыстың қауіпсіздігіне көз жеткізбестен өткелден өтпек болған. Ал сол кезде «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы жүйіткіп келе жатқан көрінеді. Соқтығыстан соң автокөлік жүргізушісі медициналық мекемеде көз жұмды. Жолаушылар пойызына айтарлықтай зақым келген. Бірақ ондағы жолаушылар дін аман. Қазір оқиғаның мән-жайын толыққанды таразылау үшін тергеу әрекеті жүргізілуде.