#qyzylordatv

Жамбыл облысының Меркі ауданында садақ атудан өткен ел чемпионатында сырбойылық мергендер жоғары нәтиже көрсетті.

 Облыс құрамасының мүшесі Маханбет Нұрман «Жамбы» және «Мажар» стильдерінде Қазақстан чемпионы атанып, корей және түрік стильдерінде күміс жүлде жеңіп алды. Ал тағы бір жерлесіміз Ақәділ Пернебай корей және түрік бағыттарында алтыннан алқа тағып, «Мажар» және «Жамбы» стильдерінде күміс медаль иеленді. Алтынай Исрайл корей стилінде топ жарып, «Мажар» және «Жамбы» стильдерінде екі күміс медальға қол жеткізді.