#qyzylordatv
Үкімет басшысы Олжас Бектенов елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин кездесті. Онда екіжақты тауар айналымын ұлғайту, инвестиция, ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселесі әңгіме өзегі болды.
Тараптар көлік және логистика саласындағы байланыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлерінің қатысуымен екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылды.