#qyzylordatv
Халыққа қолайлы қызмет көрсетіп, сапа саласында жоғары көрсеткішке ие болғаны үшін «Марал-Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ең үздік кәсіпорындарға берілетін президенттің «Алтын сапа» сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте серіктестік құрылтайшысы бұл марапаттың маңыздылығын атап өтіп, компания жұмысы туралы баяндады.
2005 жылы құрылған «Марал-Нұр» серіктестігі теміржол көлігімен жолаушылар тасымалы қызметімен айналысады. Компания бүгінде 300-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 5 облысты қамтитын екі облысаралық бағытта жолаушылар тасымалын жүзеге асырып, жыл сайын 800 мыңнан аса жолаушыға қызмет көрсетеді.