#qyzylordatv

Қалада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша рейд жүріп жатыр. Яғни «Заң және тәртіп» қағидаты аясында азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, қоғамдық орындарда жүріп-тұру ережелері түсіндірілуде. Кезекті іс-шарадан тілші бейнематериалы.

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен түнгі рейд барысында жұмысшы топ ойын-сауық және тамақтану орындарын аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылады. Топ құрамында тәртіп сақшылары, төтеншеліктер, салық және жастар ресурстық орталығының өкілдері бар.

Мониторинг барысында тұрғындар жиі шағымданатын нысандарға ерекше назар аударылды. Жұмысшы топ өкілдері кәсіпкерлерге құқықтық нормаларды сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу және қауіпсіздік талаптарын орындау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Ал қауіпсіз орта – бұл тек оқыс жағдайлардың болмауы емес, ол – қоғамдық тұрақтылық, сыйластық және әр азаматтың жауапкершілігі.