#qyzylordatv
Облыстық мәслихатта тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп, күн тәртібінде 19 мәселе қаралды. Жиында депутаттар «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесін кеңінен талқылады.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеуімбетов және облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов қатысты. Облыс көлемінде құрылысы аяқталмай тұрған бірнеше нысанның бар екендігі айтылды. Сонымен бірге жеке меншік мектептерге қатысты мәселе де халық қалаулыларының назарынан тыс қалмады. Білім басқармасының басшысы бұл сауал заң аясында шешілетінін жеткізді.
Жалпы бюджетке қатысты мәселелер тұрақты комиссия отырыстарында талқыланып, депутаттар тарапынан бірнеше сұрақ жолданған болатын. Бұл сауалдарға облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек жауап берді. Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, ұсынылған 19 мәселе сессия қарауына жіберілді