#qyzylordatv

Бүгін облыстық мәслихаттың 27-сессиясы өтіп, онда депутаттар өңірді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді қарады.

Отырыстың күн тәртібінде әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық салаларға қатысты 19 мәселе қаралды. Облыстық бюджет жобасына енгізіліп жатқан түзетулерге ерекше назар аударылды. Құжатта өңірдің алдағы үш жылдағы негізгі даму бағыттары көрсетілген. Әр мәселе бойынша депутаттар ұсынысы ескеріліп, тиісті ведомство өкілдері түсініктеме берді.