#qyzylordatv

Қызылордалық жастардың әскерде ар-ожданы биік, осы уақыт ішінде бірде-бір жас казарманы тастап қашқан емес, бәрі де Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп жүр дейді құзырлы басқарма өкілдері. Ал, күздік шақырумен кеткен жерлестеріміз алғашқы әскери тактикалық сабақтың әсері туралы отбасымен бөлісіп үлгеруде. Тілші толықтырсын.

Биылғы күздік әскери шақыруға мыңнан астам қызылордалық аттануы тиіс. Бүгінде 600-і борышын өтеу үстінде. Шақыру әлі жалғасуда.

 Сыр елінің жігіттерінің ынта-ниеті жоғары, тек аракідік денсаулығы бойынша шектеулер болып жатады дейді жауапты сала өкілі

 «Жастық шағымның 6 жылы әскери казармада өтті, шыңдалдым, қалыптастым, ризамын», - дейді сұқбат беруші Нұрлыбек Сейітханов.

 Осы күзде әскерге шақырылған жерлесіміз Нұрасыл Рүстем алғашқы тактикалық-саптық дайындық сабақтарын бастап та кетті. Отбасына телефон шалып, өз әсерімен де бөлісті.

 «Сарбаздар маршында» Қара жер қаны сіңген бабалардың, қорғауға шақырады балаларын, сапқа тұр, сарбаздары туған елдің, қиынға қайыспайтын қара нарым деген жолдар бар. Қазақтың жігіттерінің рухы биік, қиынға қайыспайтын қара нар ғой, шын мәнінде.