Серғазы Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде Наурыз мерекесі ұйымдастырылды. Шарада салт-дәстүр жаңғырып, ұлттық құндылықтар ұлықталды.

Колледж студенттері ауылдарға бөлініп, бесікке салу, тұсаукесер, сырға салу, беташар, баланы ашамайға отырғызу секілді салт-дәстүрден көрініс қойды. Қазақтың ұлттық тағам түрлерін әзірлеп, көпшілікке ұсынды. Білектілер қол күрестіріп, гір тасын көтерді. Айта кету керек, Ұлыс күніндегі игі шараға білім алушылармен қатар олардың ата-аналары да белсене қатысты. Дәстүр дәріптеліп, ұлттық құндылықтар ұлықталған кеште үздік ауылдар анықталып, арнайы номициялар табысталды.